Мемлекет басшысы елорданың шеткі аудандарының проблемасын шешу – бірінші кезекте тұрған маңызды мәселе екенін айтты. Бұл аумақтардағы халықтың өмірін жақсартуға арналған жоспар бар және ол сәтті жүзеге асып келеді. Дегенмен тұрғындармен кездесіп, сөйлесу барысында олардың күнделікті қажеттіліктеріне сай оны әлі де түзету қажеттігі туындап отыр.

1) Ең алдымен Үркерге (Ильинка) ат басын бұрдым. 
20 мыңнан астам тұрғыны бар бұл аудан көп жылдан бері қордаланған проблемалардың шешім тапқанын күтіп жүр екен. Тұрғындар жыл сайын көктемде көшелер мен үйлерді су басу мәселесін көтерді. Анықтасақ, Үркерде (Ильинка) кәрізді сорғы станциясы жұмыс істемейді екен. Соның салдарынан жергілікті балабақшаны да еріген қар суы басып қала береді. 
Сонымен қатар, тұрғындар аудандық №69 мектеп-гимназиясындағы орын жетіспеушілігін де алға тартты. Бұл білім ордасы 1200 оқушыға есептелген болса, ал мұнда 2800 оқушы үш аусымда оқиды екен. Шатыр мен жылу жүйесін жөндеу қажет. 
Тағы бір проблема – осындағы жалғыз емханада мамандардың жетіспеушілігі болып отыр. Көптеген медицина мамандарының бұл ауданда баспанасы жоқ болғандықтан қаладан қатынап істеуі қиындық тудырады.

2) Сондай-ақ, Байқоңыр ауданына кіретін «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен де кездестік. Мұндағы халық саны 45 мыңнан асады екен. Олар да өздерінің күрмеулі мәселелерін ортаға салды. 
Мәселен, Кемеңгерұлы көшесіндегі апаттық жағдайдағы №21 үйдің 15 пәтер иесі тек 2022 жылы ғана көшіріледі. Алайда олар үйдің апаттық жағдайының қиындағанын алға тартып, белгіленген сүру мерзіміне дейін шыдас берер-бермесін айтып, өз қауіптерін де жасырмады. 
Мұнда да тұрғындар көктемгі су деңгейінің көтеріліп, су басу жағдайларына шағымданды.Ауданның көпшілік аумағында әзірге жауын-шашындық, тазарту құрылғылары жоқ.
Ауданды қиылыстыратын теміржол өткелі де сын көтермейді. Малахов көшесіндегі әр 10-15 минут сайын жабылып отыратын өткелде үнемі машиналар ұзын-сонар шоғырға айналып, теміржолды кесіп өту үшін сағаттап тұрып қалады. 
Оған қоса жақын деген Герцен көшесіндегі аялдамаға бару үшін жергілікті тұрғындар теміржолды кесіп өтіп баруға мәжбүр екен.
Сонымен қатар тұрғындар автобус бағыттары мен қала орталығындағыдай жақсы аялдама павильондарының жетіспеушілігін де жеткізді.

3) 37 разъезд ( нефтебаза ауданы) тұрғындарымен де кездесті. Бұл аймақта тұратындар жанындағы мұнай сақтайтын база мен басқа да өндіріс орындарынан экологиялық қауіп төніп тұрғанын алға тартты. Қауіпсіздік жағы да тұрғындарды сары уайымға салып отыр. Тұрғындар қаланың қауіпсіз жерінен баспана беруін сұрады. Мәселенің шешу жолдарын бірге қарастыратын боламыз- деп хабарлайды Алтай Көлгінов өзінің фейсбук парақшасында

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?