Құрметті достар! Бүгін біз «Татамиден тыс/Вне татами» атты жаңа айдарымыздың басталғанын хабарлаймыз!

Бәріміз білетіндей, дзюдо тек спорт түрі емес. Ол — өмір салты. Дзюдо тек дзюдошыдан тұрмайды. Татами сыртындағы бапкерлер мен төрешілер, дәрігерлер мен массажистер, спорт жарыстарында дзюдошыларға көмектесіп жүрген еріктілер мен жанкүйерлер де «дзюдо» деген ұғымға саяды. Дзюдо әлемінде бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.

«Татамиден тыс» айдарымызда жоғарыда атап өткен әрбір маман иелерімен танысып, дзюдо туралы әңгімелесетін боламыз.

Біздің бүгінгі бірінші қоғанымыз Атырау облысының тұрғыны 31 жастағы Райымбек Якупов. Бүгінгі кейіпкерімізді барша қазақстандық дзюдошылар мен дзюдо жанкүйерлері таниды деп ойлаймыз. Ол Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында тұрады. Алыс аймақта тұратынына қарамастан Райымбек Қазақстанда өтетін маңызды жарыстарды қалдырмай, жарыс өтетін әр қалаға келеді. Осындай бір жарыста дзюдоның шын жанкүйері Райымбекті кездестіріп, жақыннан танысып, еркін әңгімелесудің сәті түсті. Осы орайлы сәтті пайдаланып, Райымбекпен сұхбаттасып та алдық- деп жазады Kazakhstan Judo Federation

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?