Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 22 маусымы күні сағат 11-30-да Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы ғимаратының алдында фронт-офис ашылды. (Желтоқсан көш., 3 үй). Бұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, олар өтініштері мен басқа да құжаттарын қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алады.

Жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрайтын фронт-офисте келген азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залы, ресепшн орталығы, кеңес беретін азаматтардың жұмыс орнында қызметкерлерге қажетті компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орнатылған. Арыздардың басым бөлігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер – жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 22 маусымы күні сағат 12.00-де Шымкент қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Қазақстан полициясының 27 жылдығы» мерекесі болып өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов және Ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары қатысты.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимаратында полиция саласына арналған фото көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметімен түсірілген полиция қызметкерлеріне арналған фильм көрсетілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің үздік полиция қызметкерлері марапатталып, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламада эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсетіп, ән шырқады. Полиция қызметкерлерінен құралған әншілер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Сондай-ақ, № 4 балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, Шымкент ҚПД бастығы Е. Жумаханбетовке арнауын оқып, төл мерекесімен құттықтады.

Шымкент қаласы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?