«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестік. «Азбука жилья» және «ОРДА Инжиниринг» компанияларына сеніп, қаражаттарын салған 600 отбасы 7 жылдан бері пәтерлерін күтіп отыр- деп жазады, өзінің фейсбук парақшасында Алтай Көлгінов

1) Тұрғын үйді салып бітіру міндетін алған «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС маусым айының басында келісім-шартқа қол қойды, жақында 19 қабатты үйді салуды бастайды.

2) Құрамында үлескерлер бар бақылаушы кеңес тұрғын үй жобасының құнын төмендету үшін 4 қабатты үйлерді салу жобасынан бас тартуды қарастыруда. Сонда артылған қаражатты басқа блоктарды тұрғызуға жұмсауға болады.

3) Үлескерлер құрылыс кезеңінің тым кешіктіріліп басталатынын айтып, шағымданды. Мәселе бірден шешіле қалмаса да, тиісті жұмыстар басталатынын жеткіздім.

4) Тұрғын үй құрылысының бірінші кезегі 2020 жылдың күзіне дейін салынады деген жоспар бар. 
Екінші кезек – мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазын анықтау сәтінен бастап салынады.

Қалада үлескерлердің қаржысы салынған құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан қалды. Олардың құрылысы бюджет есебінен (қайтарымды қаражат) аяқталады.

Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап жүрміз. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің реттелуін бақылауда ұстаймыз.

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?