Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін 10 жедел медициналық жәрдем бригадасы Арыс қаласына көмекке жіберілді. 
Зардап шеккен азаматтарды қабылдау үшін қаладағы медициналық ұйымдарда қосымша 280 төсек-орын ашылды:
Қалалық алты медициналық ұйымда 110 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 37 азамат ауруханаға жатқызылды.Сондай-ақ 21 азаматқа қалалық емханадағы дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. 
Шымкент қаласында мектептер, колледждер жанынан 15 эвакуациялық аймақ құрылды. Сағат 23-00-дегі жағдай бойынша 12 пункте 1043 адам көшірілді. Барлық көшірілгендерді аумақтық емханалардың медицина қызметкерлері қарап шықты, зардап шеккендерге психологиялық көмек жүргізілуде.
Орталық Мешітте және «Бекжан» базарында 4 жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етеді. Сондай-ақ Арыс қаласынан келгендерге 20 фельдшер көмек көрсетуде.
Шымкент стансасының темір жол вокзалында құрамында дәрігер бар медициналық пункт және 2 мед.тәулік бойы мейірбикелер жұмыс істеуде. Қан — 122 доза, плазма — 287 доза, криопреципитат — 221доздар, тромбоконцентрат – 91 доза дайындалды.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?