Түркістан облысының Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты, Жамбыл облысының 2 теміржол станцияларында (Жамбыл станциясы және Шу станциясы) 4 жолаушы поезі тоқтады.

Жамбыл облысы ТЖД-да ұйымдастырылған 182 қоңырау келіп түсті, оның 2-і туған-туысқандарын іздестіру және 180 ақпараттық сипаттағы қоңыраулар.

Ұялы байланыс операторларына алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша фондары бар СМС-хабарламалардың мәтіндерін, сондай-ақ «қауырт желі» нөмірлері туралы ақпарат «Darmen»мобильдік қосымшасында, әлеуметтік жүелеріндегі Департамент парақшаларында, Департамент интернет-ресурсында орналастырылған.

Шу станциясы:

Сағат 17-04-те Шу станциясындағы үшінші жолға «Алматы-Атырау» хабарламасымен құрамында 18 вагон 683 жолаушы бар № 41 жолаушылар поезі келді.

Сағат 18-54-те Шу станциясындағы екінші жолға «Петропавловск-Кызылорда» хабарламасымен құрамында 10 вагон 480 жолаушы бар № 75 жолаушылар поезі келді.

Аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен станцияда кезекшілік ұйымдастырылды, медициналық көмек көрсету үшін «Төле би» ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы және ауданның 2 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды. «Төле би» ТМҚП бригадасымен медициналық тексеру мұқтаж жолаушыларға көмек көрсету үшін екі поезды аралап шықты. Барлығы 6 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді,. Жергілікті басқару органдарымен Шу қаласындағы үш қонақ үйде 80 төсек-орын ұйымдастырылды, сондай-ақ Тараз қаласына 56 жолаушыны (Тараз және Шымкент қаласының тұрғындары) тегін жеткізуге 4 шағын автобус берілді.

Сағат 19:46-да «Петропавловск-Кызылорда» хабарламасымен құрамында 10 вагон 580 жолаушы бар № 75 жолаушылар поезі Шымкент қаласына аттанды.

Сағат 20:45-те «Петропавловск-Кызылорда» хабарламасымен құрамында 18 вагон 166 жолаушы бар № 41 жолаушылар поезі Жезқазған станциясына аттанды.

Сағат 01:56-да қалған 3 адам «Нұр-Сұлтан-Шымкент» хабарламасымен № 85 жолаушылар поезімен Шымкент қаласына жіберілді.

Қалған жолаушылар (барлығы 361 адам) жол жүру орындарына өз бетімен кетті.

25.06.2019 ж. сағат 02-00-де Шу станциясында бірде-бір жолаушы қалып қойған жоқ.

Жамбыл станциясы:

Сағат 18:15-те Жамбыл станциясындағы екінші жолға «Көкшетау-Қызылорда» хабарламасымен құрамында 18 вагон 756 жолаушы бар № 55 жолаушылар поезі келді.

Сағат 20:20-да Жамбыл станциясындағы бірінші жолға «Семипалатинск-Қызылорда» хабарламасымен құрамында 12 вагон 669 жолаушы бар № 21 жолаушылар поезі келді.

Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері облыс әкімшілігімен бірлесіп № 16 орта мектеп орталық базасында 200 төсек-орын жабдықталып, ыстық тамақ

дайындалды. Жамбыл облысының «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ күшімен медициналық тексеру мұқтаж жолаушыларға көмек көрсету үшін екі поезды аралап шықты. Барлығы 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді,

№ 16 орта мектептің асханасында ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда 40 адам тамақтандырылды.

Жамбыл станциясынан автобустарға 745 адам жіберілді:

— Қызылорда қаласына 8 автобуста 335 адам (5 жолаушы автобусында 55 адамнан және 3 шағын автобуста 20 адамнан);

— Шымкент қаласына 11 автобуста 410 адам (4 жолаушы автобуста 55 адамнан және 7 шағын автобуста 20 адамнан).

Сағат 01:00-де «Семипалатинск-Қызылорда» хабарламасымен құрамында 11 вагон 400 жолаушы бар № 21 жолаушылар поезі аттанды.

Қалған жолаушылар (барлығы 200 адам) жол жүру орындарына өз бетімен кетті.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?