2019 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдық Омарбекова, Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғарыдан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин Жастар жылына арналған Жол картасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді. 
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова есеп беру кезеңінде министрліктің жұмысының басты басымдықтарының бірі жастардың идеялары мен жобаларын іске асыру, ғылым мен білім беруді дамыту және жаңа қазақстандық бәсекеге қабілетті қоғам құру екенін атап өтті.
Осылайша, Министрліктің жастардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамасы бойынша жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы пәтерлерді ұсыну бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын бір мың пәтерден беру жоспарланып отыр. 
Бұдан басқа, үш жылда 1 миллион жасты қамтитын «Жастар — Ел тірегі» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба жастарға кәсіпкерлік дағдыларды меңгеруге және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға ие болуға мүмкіндік береді.
Жастар арасында білім беруді дамыту шеңберінде «Жас Маман» бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында еліміз бойынша 200-ден астам білім беру мекемелеріне 400-ден астам заманауи техникалық жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша 210 мыңнан астам білікті кадрларды даярлау және 15 мыңнан астам мұғалімнің біліктілігін арттыру көзделуде. 
Оған қоса, еріктілікпен айналысатын студенттер үшін стипендия көлемін 30% -ға ұлғайту қарастырылған.
«Жасыл ел» қозғалысының еңбек лагерінің салтанатты ашылуы аясында оған 24 мыңнан астам адамды қамтитын «Жасыл қала — Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр, 
Ал болашақ жас кәсіпкерлер үшін 4 шілдеде «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагері өз есігін ашады. Онда жас кәсіпкерлер үздік бизнес-жаттықтырушылардан тәлім алу мүскіндігіне ие болады.

Жастармен адрестік жұмыс жүргізу мақсатында jastar@qogam.gov.kz поштасы құрылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?