Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің бейнесі. Еліміздің өсіп келе жатқан қуатын және оның одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді.
Елорданың тағдыры Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты. Ол еліміздің бас қаласы аумағындағы барлық сәулет нысанын салуға бастамашы болды.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның халықаралық беделін нығайта түскен мемлекет дамуының локомотивіне айналды және оның болашақ экономикалық тұрғыдағы көрінісі болып саналады. Бұл әлемнің жетекші мегаполистерімен сенімді түрде бәсекеге түсетін қала. 21 жыл ішінде әлемдік қауымдастықтарды даму қарқынымен және жылдамдығымен таңқалдыра отырып, айтарлықтай серпіліс жасады. 
Астанамыздың қарқынды дамуы мен өркендеуінің басты күші шығармашылық және кәсіби дағдыларымен үлкен жетістіктерге жетіп жүрген қаланың тұрғындары деп білемін. 
Нұр-Сұлтан – біздің мақтанышымыз, ортақ үйіміз.
Осынау мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, игілік пен сәттілік тілеймін!

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?