«Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтың жеке қабылдауында болған тұрғындар түрлі мәселелермен жүгінді- деп хабарлады Нұр- Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімдігі
«Городской романс» ТК тұрғындары әкімге Есіл өзені бойында орналасқан саябақта иттерді серуендетуге арналған арнайы орындарды белгілеу туралы өтініш білдірді. Әділбек Сәрсембаев мүдделі мемлекеттік органдармен бірге аумақты зерттеп, орын белгілеуді тапсырды.
Сергей Айтбайұлы Мусин бұрын жүгінген абаттандыру жайлы өтініші бойынша қабылданған іс-шаралар үшін әкімге алғыс білдіріп, жүргізілген жұмыстар барысында көлікжайды зақымдаған құрылыс жұмысын жүргізушінің үстінен шағым айтты. Әкім Мусиннің құрылыс жұмысын жүргізушінің үстінен сот органдарына шағымдана алу құқығы туралы заңнамаға түсінік берді. 
Аз қамтылған отбасы қатарына жататын аудан тұрғындары Аxметжановалар әкімге атаулы әлеуметтік көмек көрсету өтінішімен жүгінді. Әкім АӘК алу тәртібін түсіндірді, сонымен бірге жұмысқа орналасудың түрлі жолдары жайлы мағлұмат берді.
Нұргүл Әбдінәсірова, жетім, 2 баланы тәрбиелеп отырған ана, материалдық көмек көрсетуге және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге өтініш білдірді. 
Әділбек Сәрсембаев Қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы мағлұмат берді.
Сауқымбаева Ж. тұрғын үй алу кезегіне тұру және жеңілдікпен баспана алу рәсімі туралы сауалдарымен жүгінді. Оның қызы Әділбек Сәрсембаевтан емделуге және Екібастұз қаласынан жеңілдікпен баспана алуға жәрдемдесуін өтінді. Әкім өтінішті Екібастұз қаласы әкімдігіндегі әріптестерге жеткізді. 
Сонымен қатар Халықты жұмыспен қамту орталығында әр түрлі мамандықтар бойынша қайта оқу, «Астана ӘКК» ҰК АҚ бағдарламалары бойынша сауда павильондарын алу рәсімдері бойынша сұрақтар қойылды, Әділбек Сәрсембаев аталған сұрақтар бойынша түсініктемелер берді.

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?