Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыс активімен кездесті- деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, 2019 жылдың 15 шілдесі күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Бүгін аталған жиынның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін орындау, облыс деңгейінде атқаруға тиіс шараларды айқындап алу үшін жиналды. Облыстық активтің жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Баспаев Ернар Жеңісұлы, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихат хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттер, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңестің басшылары қатысты.

— Мемлекет басшысының үкімет пен әкімдердің алдына қойған ең басты талабы – халықтың табыс деңгейін арттыру. Сондай-ақ, индустрияландыру, қарапайым заттар экономикасы, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әлеуметтік көмек тағы да басқа мәселелерге байланысты жіті назар аударуды тапсырған болатын. Осыған байланысты, бұл міндеттердің жақын арада орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет, — деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні ел Президенті консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын бекіткен болатын. Оның мақсаты – еліміздің негізгі қоғамдық-саяси топтарының өкілдері мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

— Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткелерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Біз осы құрамға облыстан 8 адамды ұсындық, оның ішінен белсенді ел азаматы Жәнібек Қожық Қоғамдық Кеңестің мүшесі болып сайланды. Жәнібек Қожықтың мемлекет алдындағы маңызды жұмысына сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта еліміздегі мәселелерді бірге, ақылдаса отырып атқарамыз деп ойлаймын, — деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Аймақ басшысы ҚР Президенті атап өткен бағыттарға қысқаша тоқталып өтіп, облыс әкімінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?