Бүгін Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасының Президенті К. Тоқаевтың 2019 жылдың 17 шілдесіндегі № 64 «Қазақстан Республикасының судьяларын, сот алқаларының төрағаларын және төрағаларды тағайындау және қызметтерінен босату туралы» Жарлығына сәйкес қайтадан тағайындалған судьялардың салтанатты таныстыру жиыны өтті.Тлепов Азамат Серікұлы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облыстық сотының судьясы болып тағайындалды, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып Жұмабеков Жамбыл Маманханұлы тағайындалды, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясына Мадемаров Данияр Ақылбекұлы тағайындалды.Р. Мырзакәрім әріптестеріне дендеріне саулық, қызметтеріне табыс, ұжымда үйлесімді жұмыс жасап және сот төрелігін жүзеге асыруда жоғары көрсеткіштер көрсетуді тіледі. Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?