Шілде айының 16-20 аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Айбек-Арена» стадионында «Балдәурен» Республикалық жарысы өтті- деп хабарлады Жамбыл облысының білім басқармасы баспасөз қызметі.
Додаға 1-2 сынып оқушыларынан құралған 8 команда өзара сайысқа түсті. Ойын қызықты да тартысты өтіп, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. 
Нәтижесінде жалпы командалық есепте 1-сынып оқушылары арасында I-орынды Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Киікбаев мектеп гиназиясының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ-орынды Алматы қаласы М.Әуезов ауданындағы Жансүгіров атындағы №130 мектеп гиназиясының командасы иеленсе, III-орын Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы №5 оорта мектебінің командасына бұйырды.
Ал 2-сынып оқушылары арасында I-орынды Тараз қаласындағы №12 мектеп гиназиясының командасы жеңіп алса, II-орынды Маңғыстау облысы Қарақия ауданы №5 орта мектебінің командасы қанжығасына байлады. Жүлделі III-орын Алматы қаласы М.Әуезов ауданы Жансүгіров атындағы №174 мектеп гиназиясының командасына бұйырды.
Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен бірқатар қатысушалыр дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы білім басқармасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?