Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдем бригадалары мен стационардың қабылдау бөлімшелері арасындағы IV республикалық байқаудың ашылуында айтты- деп хабарлады, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Елжан Біртанов: «Елімізде қазір жедел жәрдем қызметінің жұмысы өте ауыр. Сондықтан, медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен учаскелік дәрігерлерге басымдық берудеміз. Негізгі аурулармен осы екі қызмет айналысады да, жедел жәрдем тек шұғыл жағдайларда көмекке келуі керек. Жыл басында Елбасы жедел жәрдем қызметін толық көлікпен қамтамасыз етуді тапсырды. Биыл сол тапсырма аясында арнайы бағдарламаны іске асырамыз. Екі жылда еліміздегі жедел жәрдем қызметіне халықаралық стандартқа сай 800 жаңа көлік беріледі. Ол көліктерді отандық зауыт құрастырады».

Елімізде жедел жәрдем қызметін реформалау ісі әлі жалғасуда. Айта кету керек, екі жылда бұл сала халықаралық стандартқа көшті және ережелері өзгерді. Жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 15 минутқа қысқарды. Жедел көмек көрсететін мамандар базалық стандарттар бойынша қайта оқудан өтті.

Жедел жәрдем көлігі В, С болып екі класқа бөлінеді. Дәрігерлер В класты автомобильмен жедел медициналық көмек көрсетіп, пациентті ауруханаға жеткізеді және олардың жағдайын бақылайды. Ал С класты автомобильде реанимациялық бригаданың көмегімен науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетіледі, тасымалдайды және олардың жағдайы бақылауда болады.

Суреттегі С класты жедел жәрдем автомобилі. Дәрігерлер бұл автокөліктің салонынан шықпай-ақ жүргізуші кабинасына ауыса алады. Ал салонның іші кең, жүрек өкпе реанимациясын жасауға үшін каталканы диагональмен ауыстыруға болады. Және халықаралық стандартқа сай медицинаолық құрылғылар орнатылған.
Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?