Жылдың ыстық кезеңі басталғаннан бері орман және дала өрттерінің саны артып келеді. Облыс ормандары – маңызды қорғау функцияларын атқаратын табиғи кешені. Сексеуіл ормандары облыстың орман алқаптарының жартысынан астамын алып жатыр. Жыл сайын Жамбыл облысының аумағында орман және дала өрттері тіркеледі, олар жануарлар әлемін, ағаштарды, бұталарды және сексеуілді жояды. Сексеуіл ормандарындағы өрт салдарынан құмдар қозғалысын тоқтату қабілеті төмендейді. Мұндай өрттер үлкен алқаптарға таралып, орман-дала өрттеріне өтеді және жоюға жұмылдырылған айтарлықтай өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының отырып, елді мекендерді өртке қарсы қорғаусыз қалдыра отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіреді.

Облыстың орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу үшін 2019 жылғы 13 наурыздағы № 51 облыс әкімдігінің «облыс аумағында табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданды, сондай-ақ облыстың мемлекеттік орман қоры мен дала алқаптарында орман шаруашылықтарымен, аудандар мен ауылдық округтер әкімдерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен профилактикалық және алдын алу іс-шараларының жоспары бекітілді.

Ағымдағы жылғы 23 сәуірде табиғи өрттердің алдын алу мәселесі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында қаралды, сондай-ақ мамыр айында облыстың барлық 10 ауданында тиісті қызметтерді тарта отырып, шартты табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 26 мамыр мен 13 маусым аралығында Жамбыл және Қордай аудандарында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының трансшекаралық аумағында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, оқу-жаттығу барысында Қырғыз Республикасының шектес аумағына өту қаупі төнген жағдайда орман және дала өрттерімен байланысты Жамбыл облысы аумағындағы төтенше жағдайларды жою бойынша барлық қойылған іс-шаралар пысықталды.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында аудандық ТЖ бөлімдері, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамының күшімен жалпы саны 97 адамнан тұратын 17 бірлескен мобильді топ құрылды, олар бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің алдын алу және орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 313 рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды.

Құрғақ шөп пен қоқысты өртегені үшін 70 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 38 — айппұл түрінде жалпы соммасы 142 мың 662,5 теңгеге және 32 тұлға — ескерту түрінде.

Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан ағымдағы жылғы 7 айда облыс аумағында 62 (2018 ж. – 75) жану оқиғасы, жалпы аумағы 468 га (2018 ж. – 838,5 га) және 6 (2018 ж. – 22) орман өрті, жалпы аумағы 195,8 га (2018 ж. – 113 995 га) аумағында, келтірілген шығыны 446 мың 700 теңгені (2018 ж. – 32 млн. 462 мың тг.) құрады, сондай 6 (2018 ж. – 0 га) дала өрті, жалпы аумағы 520 га (2018 ж. – 0 га) аумағында тіркелді.

Табиғи өрттердің басым бөлігі адамдардың отпен абайсыз болуынан немесе орман-дала алқаптарында жұмыс істеу және демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуынан туындайды.

Табиғатта бола тұра, әсіресе құрғақ ыстық жел кезінде табиғи өрттің пайда болу қаупі өте маңызды екенін есте сақтау қажет.

Бірақ егер қажеттілік туындаса, қарапайым ережелерді сақтау қажет. Отты арнайы бөлінген орындарда жағу керек. Егер мұндай орын жоқ болса, онда оны өзендер мен көлдердің жағалауларындағы құмды және қиыршық тас жағаларында, орман жолдарында, карьерлерде, ескі жағылған алау орындарында, жасыл шөппен жабылған қалжайлар мен алаңдарда дайындауға болады. Оттың айналасында, ені 0,5 метрден кем емес жолақта жануы және өрттің таралуына себеп болуы мүмкін барлық заттарды алып тастау қажет. Оттың жанында су, сондай-ақ жанудың таралу жағдайына жалын басу үшін бұтақтар болғаны жөн.

Өрт сөндіру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Егер сіз табиғи өрттің, жанудың куәгері болсаңыз, бей – жай қалмаңыз, дереу «101»нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз.

Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға кінәлі тұлғалар тәртіп бұзушылықтың сипатына және олардың салдарына қарай тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сейдалиев

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?