Облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен өткен жиында жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер айқындалды. 
Баяндама жасаған аймақ прокурорының орынбасары Талғат Әлібаев атқарылған жұмыстың нәтижесінде облыс көлемінде қылмыстылық деңгейінің 11% (4284-тен 3808-ге) азайғанын жеткізді. Сонымен қатар ұрлықтардың ашылуы 41% дан 87% өскен. 
Бюджет қаржысын ұрлауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті жетілдіру мәселесі Бас прокуратураның қатаң бақылауында. Осы тұрғыда облыс көлемінде келтірілген шығын 1,6 млрд. теңге көлемінде анықталды. Оның ішінде мемлекетке келген шығын 1 млрд. 161 млн. теңге. Қазіргі таңда өндірілген қаржы 600 млн. теңгеге жетті, оның 500 млн. теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. 
Қылмыстық айыппұлдарды өндіруге сәйкес облыс көлемінде біршама жұмыстар атқарылып, жалпы республика бойынша орындалуы 84% жетті. Алқа мәжілісінде барлық аудан және Қызылорда, Байқоңыр қаласының прокурорлары жартыжылдықтың есебін берді. 
Жиын соңында облыс прокуроры Бас прокуратураның алқа мәжілісінде көтерілген басты міндеттерді негізге ала отырып алдағы жартыжылдықта атқарылуы тиіс іс-шараларды айқындап, тиісті міндеттерді жүктеді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?