Қадірлі достар! Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесерін жасады. Бұл басылымда Тұңғыш Президент — Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылдан бергі ҚХА сессияларында ең маңызды сөздері жинақталған. Сонымен қатар Елбасы Кітапханасында сақталып тұрған жеке архивінен алынған бірегей суреттер мен құжаттар енді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 27-сессиясында атап өткендей, «Жаһандық әлем трансформацияны бастан кешуде: экономика, қоғам өмірінде, технологияларда өзгерістер болуда. Алайда әлемдегі бірлік пен ынтымақтастық тұрақты құндылық болып қала береді».

Біз бұл өзгерістерді қабылдаймыз және көп нәрсені үйренеміз. Қоғам бірлігі мен этносаралық келісім — өтпелі кезеңде тұрақты әрі түбегейлі құндылық болып қалады. Еліміздегі теңдесі жоқ этносаралық қатынастар моделі арқасында мықты мемлекет құрылды.

Әр ұлттың өзінің төл мәдениеті, тілі мен сенімі, дәстүрі сан алуан. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салихалы саясаты елімізде тұрып жатқан барлық этностарға теңдей жағдай жасап, бірдей құқықтық еркіндік беруде. Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлттар еліміздің рухани байлығы болып табылады.

Елімізде республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі 800-ден астам ұлттық мәдени орталықтар бар. 30-дан астам жексенбілік мектептерде 27 этностың ана тілінде оқыту жүргізіледі. Барлық этнос өкілдері ел мүддесі үшін отандық өнерге, әдебиетке, білімге және спортқа таудай үлес қосып, еңбек етуде. Ғаламдық деңгейдегі жетістіктер арқылы елімізді халықаралық аренада күллі әлемге танытып, мемлекетіміздің мерейін асқақтатып жүр. Біз бейбітшілік пен бірлік жолын таңдадық, достар. Біз сөзсіз осы жолда бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. «Елбасы және халқы» кітабын оқып, оның бейбітшілік пен келісімге жетелейтін сөздері әрбір оқырманның жүрегіне жол табатына сенімдімін- деп, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, ҚР Мәдениет және спортминистрі Ақтоты Раимкулова өзініңп фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?