12 тамыздан бастап тіркеуде тұрған 55 мыңнан астам адам өтемақыға қол жеткізеді. Бүгін екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карталары таратылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда, Жамбыл және Шымкенттен «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.

«Осы уақытта 33 мың банк картасы жасалды. Еліміз егемендігін алғанан бері дәл бұлай, бір айдың ішінде осыншама құжат жиналып, 33 мың карточканы дайындау деген болған емес. Қазіргі таңда сол дайын болғандары таратылып жатыр. Бірақ әзірге ақша салынған жоқ. Яғни, 100 мың теңгені 12 тамыздан бастап ала алады. Ал қазіргі негізгі жұмыс — карточканы тарату. Демек, барлығы түгел қол жеткізгенде ақшаны түсіреміз. Ең көп 9 секторда 3771 құжат жиналған. Қаланы көше-көшеге бөлдік», деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев.

Елді сабырға шақырған жауапты басшылар, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беретін, арнайы комиссия жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Ал тізімге кірмей қалған оқушылар, мектептер арқылы анықталып жатқаны белгілі болды.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?