Бүгін Шымкент қаласы әкімі ретінде алғашқы аппараттық жиын өткіздім. Жиналыстың күн тәртібінде үш мәселені қарадық және шешу жолдарын талқыладық.
Бірінші мәселе — қалаға қосылған 41 елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында әр ауданды секторға бөліп, өзекті мәселелер көрсетілген әлеуметтік карта әзірлеуді тапсырдым. 
Сонымен қатар, салалық басқарма басшыларына тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру үшін қаланы қоқыстан тазартуды, шеткі аймақтағы халық үшін тұрақты түрде көшпелі медицина қызметі мен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруды жүктедім.
Аппарат отырысында жылу беру маусымына дайындық барысы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды. Жылу маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырдым- деп жазады Ерлан Айтаханов өзінің парақшасында

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?