Қазір Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бюджетті қарау кезінде біздің аграрлық мәселелер жөніндегі Комитетіміз айтқан, ауыл шаруашылығына жіберілетін бюджет қаражатын басқа мақсаттарға қайта бөлу мүмкіндігін жоятын ұсыныстарымыз қабылданды.

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасында 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңда қайта бөлуге болмайтын ауыл шаруашылығына арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері бекітілді!

Енді облыс әкімдіктері бұрын ауыл шаруашылығы субсидиясына қарастырылған қаражатты құрылысқа және өзге мақсаттарға аудара алмайды.

Бұл норма 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді!- деп хабарлады Нұржан Альтаев

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?