ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚТАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ-деп хабарлады Түлкібас ауданы баспасөз қызметі

Соңғы жылдары аудан шаруалары ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерін әртараптандыру мақсатында жылына бір жерден екі өнім алуды іске асыруда. Мәселен, биылғы жылы аудан аумағында бес шаруа қожалық 15 гектар жерден бір жылдың ішінде 474,5 тоннаны құрайтын екі қайтара өнім алып, табыс көзінің артқанын айтып отыр.
Бүгінгі таңда аудан әкімі Н.Тұрашбековтың тапсырмасы негізінде аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары осы бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілуде.
Нәтижесінде, биылғы жылы бір жерден екі өнім алып, табысқа кенелген шаруашылық иелерінен бөлек келер жылы 149 шаруа қожалық иелері қызығушылық танытып, осы бағытта жұмыстар жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізіп отыр. Жылдан-жылға әлеуметтік-экономикасы артып келе жатқан Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы тауарын өндіруші шаруаларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, жүйелі түрде жұмыстар іске асырылуда.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?