Алғашқы нәтижелерге тоқталар болсам, тұрғындар пәтер иелерінің кооперативтерінің жұмысына қатысты көбірек шағымданған. Яғни, олардың қызмет көрсету сапасы тұрғын халықты қанағаттандырмайды. Пәтер иелерінен түрлі қажеттіліктер үшін жиналатын қаражаттың жұмсалуы әлі де болса басы ашық мәселе.

Айта кету қажет, пәтер иелерінің кооперативтері – өзін-өзі басқару институты болып есептеледі. Пәтер иелері үйді басқаруды кімге тапсыратындығын таңдауға, өздері таңдаған қызмет көрсетушілермен шарттар жасасуға құқылы. Жаңа цифрлық технологиялар жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Мәселен, Е-ПИК мобильді қосымшасы. Жақында пәтер иелерінің кооперативтері ассоциациялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Алдағы уақытта пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруге арналған жобаларды бірлесе іске асырамыз.

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруден басқа акселератор бағдарламасының тағы екі бағыты бар. Екіншісі – қаланы санитарлық тазалау. Мәселен, алдағы қыс мезгілінде қар тазалау, мұздарды жинау. Сондай-ақ нөсер кәріздерінің жұмысы, ашық люктер, сынған плиткалар, осы саладағы қызметтерді тарифтеу мәселелері т. б.

Үшінші бағыт — қоғамдық көлік мәселелері. Бұл бағыт бойынша қызмет көрсету сапасы, төлем жүйесі, жүргізушілерді ынталандыру бойынша шаралар, маршруттық бағыттар және т.б. қаралады. Акселератордың басты міндеті – осы 3 бағыттың өзекті мәселелерін шешу.

Егер сіздерде пәтер иелерінің кооперативтері, қоғамдық көлік пен қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын жақсарту немесе трансформациялау бойынша идеялар мен ұсыныстар болса, акселератор сайтына жазыңыз-деп өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?