Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында туғанына 125 жыл толған Үш арысымыз, қазақ әдебиетінің алыптары – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин үшеуіне арналған ескерткіш ашылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Күлігінов хабарлады. Ұлтымыздың тар жол тайғақ кешкен жылдарын романының атауымен астарлап жеткізіп, қазақ атауын құжат жүзінде қайтарған Сәкен Сейфуллин мұрасының біздің руханиятымызда алатын орны ерекше. Бүгінде қаламызда музейі жұмыс істейді. Енді міне ескерткіші ашылып отыр.

Бейімбет Майлин өзінің жазушылығымен қатар, елді сауаттылыққа үндеп алғашқы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына және басқа да басылымдарға тұрақты мәселелерді жазған журналистігімен де көп еңбек сіңірді. Драматургтығы бір төбе. Әңгімелері әлі күнге дейін өзектілігін жоймай, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде пайдаланылып келеді.

Ілияс Жансүгіров – қазақ фольклорын дамытқан тұлға. «Күйші», «Құлагер» поэмалары – тұнған тарих.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы келелі ойлардың негізінде дүниеге келген бұл туындыны көптің қуанышы деп білемін. Бұл ескерткіш өткенге құрмет қана емес, тарихымызға қойылған бірегей белгі, болашаққа деген кәміл сенім.

Азат елдің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде тағдыры да бір, өмірі де ұқсас ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деген үміттемін.

Бүгін сонымен қатар осы игі шараның жалғасы іспеттес Бас қаламызда бүгін Жазушылар үйі ашылды.
Елордамыз әкімшілік қана емес, мәдени ортаға да айналды. Олай дейтініміз, биыл ұлттық әдебиетіміздің қуатын арттыруға бағытталған бірнеше шара өткізілді. Күзде Азия жазушылары бас қосты. Қаламгерлерлер аллеясы ашылды. Үш арысымызға арналған ескерткіш бой көтерді. Бұның бәрі – мемлекетіміздің әдебиетке, мәдениетке көңіл бөлуінің нәтижесі.

Бүгінгі шараларға Алматыдан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамыз келді. Аға буын ақын-жазушыларымыз Марфуға Айтқожина, Әнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, ЖО қалалық филиалдың төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, әдебиетте жүрген жастар қатысы.

Қаламыздағы Жазушылар үйі осы аға қаламгерлерлердің жас ақын жазушыларға жол көрсететін киелі мекеніне айналады деп үміттенемін.
Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?