Жаңа жылдың символы «Нұр Әлемнің» жанында орналасты. Жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу рәсіміне елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Қала әкімі елорда тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады!

«Жаңа жыл қарсаңында әрбір үйге бақыт, береке, табыс тілеймін! Дәстүр бойынша жыл соңында жыл бойы атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Биыл елордада балаларымызға арналған мектептер мен балабақшалар, сонымен қатар тұрғын үйлер, спорт нысандары салынды. Қаланы абаттандырумен және басқа да көптеген мәселелермен айналысып жатырмыз. Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Биыл шамамен 2.5 мың пәтер кілті табыс етілді. Аз қамтылған отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға жаңа пәтерлер берілді. Жұмыс істейтін жастардың бір бөлігі жаңа пәтерлерінде тұрып жатса, қалғандары қантар айында кілттерін алып, жаңа пәтер иесі атанады. Қазір үй құжаттары жасалып жатыр, ал үйдің өзі толығымен дайын тұр. Осы атқарылған жұмыстардың барлығы тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттырамыз. Нұр-Сұлтан әлемнің ең әдемі қалаларының бірі. Бұл ортақ еңбектің нәтижесі. Келе жатқан мерекелеріңізбен!»,- деді Алтай Көлгінов.

Іс-шарада «Қайырымды қала» атты жаңа ән таныстырылды. Биыл «Қайырымды қала» («Город добродетелей») атты қаланы безендірудің бірыңғай концепциясы жасалды. Елордада бас шыршамен қатар қала аудандарында орнатылған жаңа жылдық шыршалар да жағылды.

Сонымен қатар қалада 20-дан астам мұз айдыны мен 30-дан астам төбешік бар. Олар қаланың әртүрлі аудандары мен елді-мекендерінде орналасқан. Олардың басым бөлігі жеке қаражат есебінен салынды. Әр мектептің жанында хоккей корттары ашылды. Ботаникалық бақта мұз қалашығы, мұз айдыны, төбешіктер, аққалалар аймағы ашылды. Жаңа жылдық отшашу ботаникалық бақ аумағында өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?