Елордада тасқынға қарсы сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары қызу үстінде. Арықтарды, жаңбыр суына арналған кәріз жүйелерін тазарту, су реттегіш бөгет салу, өзен арнасын қайта жаңарту жұмыстары іске асуда.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Есіл өзенінің арнасын қалпына келтіру ісіне уақытынан бұрын (6 кезек) кіріскенін атап өтті.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (Сарыарқа ауданы) маңы – су тасқынының қаупі бар тұстардың қатарына жатады. Бір айтарлығы, өзен арнасы ғимаратқа жақын орналасқан. Осыған байланысты Есіл өзенінің арнасын түзулеу жұмыстары уақытынан бұрын (6 кезек) жүргізіле бастады. Бұл өз кезегінде өзен суын жаңа арнамен жіберуге мүмкіндік береді және Көктал елдімекенінде орналасқан жеке секторды қауіпсіздендіреді», — деді қала әкімі орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Нұрлан Нұркенов атап өткендей, қазір бөгет салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Наурыз айының аяғына дейін өзен арнасын түзулеу жұмыстары аяқталып, сәуірде келген су жаңа арнаға түседі. Қазіргі уақытта 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды», — дейді ол.

Контрреттеуіштің жұмыс тәртібі бекітілді. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз ету үшін Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейін жұмыс істеп тұрған арнаның өткізу қабілеті артады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?