2018 жыл бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы және Түркістан облысы болып екіге бөлінді. Мемлекетімізде мегаполис саны үшеу болып көбейді. Ал Шымкент қаласының әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов және Түркістан облысын әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлерді көркейтті десек шындыққа жанасатыны анық!
Түркі елдерінің кіндігі аталмыш Түркістан, текті ата-бабам жатқан қасиетті өлкені басқаруда оңай емес!
Жаңадан пайда болған қасиетті жерді, әлемге әйгілі Түркістанды түлету, аяққа тұрғызу өте үлкен жауапкершілікті талап етіп тұрғаны баршамызға белгілі. Халық пен үкімет алдындағы жауапкершілік мұнда тұрсын, 2019 жылы, жығылғанға жұдырық сынды, жаңа Түркістан облысына үлкен қайғылы оқиға жанды жерден салмақ салды. Арыс қаласындағы әскери бөлімде оқ дәрілер жарылып, жыламаған жан қалмады, Қазағымның қабырғасы қайысты. Опат салдарынан жәбір көргендер және әскерилердің жаңа облыстың түлегенін көру нәсіп етпей дүние салғандарыда болды. Жаңа облыс еншісін алып отырғанда, облыс ішіндегі Сарыағаш және Мақтаарал аудандары да екі ауданға бөлініп, Түркістан облысына қарасты екі ауданға көбейіп, 16 аудан болды. Оның бәріне бюджеттен қаржы талап ететін, жаңадан жұмыс орындары және ғимараттарды қарастыру, Өмірзақ Шөкеевтің басқаруына көз тігіп отыр еді. Халық пен өңірлерді бірдей қаржыландырып, барлық кемшіліктерге көз салып, бірдей басқару Өмірзақ ағамыздың құзырында. Ө. Шөкеев, ешкімді тасада қалдырмады. Әр сыннан нәтиже көрсетті. Опат болған Арыс қаласында қайтадан аяққа тұрғызу үшін президент және үкімет тапсырмасы мен облыстардың қол созуы арқасында асарлатып, жүрегін үрей басқан халық пен бірге жүріп, Арыс қаласын жаңадан соқты десек қате болмас.
Джон Максвелдың кітабында жазғанындай, мықты, атақты фудболисттің мықтылығы, оның командасының мықтылығында. Рональдо да Рональдо болды, тек өзінің сенімді, ауызбіршілігі мол командасының арқасында!
Өмірзақ Шөкеевте, өзінің командасының, яғни өзінің әріптестерінің арқасында Өмірзақ Шөкеев- деп санаймын. Қоғамдағы тәртіп пен құқықбұзушылықтарға жауапты Түркістан Облысының Полиция Департаментінің басшысы, іскер, адал, қарапайым, генерал- майор Қайрат Дәлбеков және оның командасы-әріптестері. Опат болған Арыс қаласындағы жәйт кезінде үлкен көмек қолын созған Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мукан Егизбаев басқаруындағы барша дәрігерлер, мектептер мен балабақшалардың бағыты мен біліміне жауаптылығын биік ұстаған, Түркістан облысы, адами әлеуетті дамыту яғни бұрыңғы атауы, Түркістан Облысының Білім Басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев, өз командасы мен іскерлігін көрсете білді!
Ел болам десең бесігіңді түзе!- деген сөз бар емес пе, елдің бесігі барша басшылық буындар, басқармалар, ел ағалары мен халық қалаулылары!’ деп оларға үлкен сенім артамын.
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?