Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы болды.

Сенат отырысында жоғары Палатаның депутаттары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне Н.Әбдіқановты, М.Бектұрғановты және Ш.Даниярованы сайлады. Жаңадан сайланған судьялар ант берді.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Сенат тағайындаған Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.Шапақтың өкілеттігін тоқтату және Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне жаңа мерзімге қайта тағайындау мәселесі талқыланды. Сенаторлар сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешевтің өкілеттігін тоқтату және қызметінен босату туралы қаулы қабылдады.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісім ратификацияланды. Заң жобасын энергетика министрі Нұрлан Ноғаев таныстырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні Байқоңыр қаласында 328 көп пәтерлі тұрғын үй, 45 жеке тұрғын үй, 5 мектеп, 3 балабақша және көпсалалы аурухана табиғи газға қосылған.

Сенаторлар жоғары Палата отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжатты таныстырған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл заң қабылданғанда қос азаматтық және заңсыз көші-қонға қатысты мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кері әсері жоқ әрі қосымша қаржыны талап етпейтінін атап өтті. Сенатор Абдалы Нұралиев өз кезегінде сырттан келетін мигранттар арасында арнаулы қызметтердің іздеуінде жүрген әрі еліміздің қауіпсіздігіне зиян келтіруі ықтимал азаматтардың болу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.

Палата депутаттары «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасы пошта қызметінің тиімді жұмыс істеуі және уағдаласушы елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдерінің мәдени, әлеуметтік және экономикалық салалардағы халықаралық ынтымақтастық мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу арқылы елдер арасындағы байланыстың дамуын жақсартады, сондай-ақ сапалы, қолжетімді, әмбебап пошта қызметтерін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сенатор Бекмырза Еламанов заң жобасын талқылау барысында ауылдық елді мекендерді пошта қызметімен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Пошта ауыл тұрғындарына қаржылық және банктік қызмет көрсетеді, зейнетақы мен жәрдемақы беру және коммуналдық қызмет ақысын төлеу де пошта арқылы жүзеге асады. Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед баспасөзге жазылу бағасының жоғарылығы және олардың тиражын сақтау мақсатында қазақ тіліндегі басылымдарды жеткізудің бағасын төмендетуді сұрады. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева көтерілген мәселенің орынды екенін айта келіп, «Бұл тек экономикалық қана емес, идеологиялық мәселе болып табылады. Қазір газеттердің өзі әрең-әрең өмір сүріп жатыр. Олардың табысы азаюда», — деді ол.

Сенаттың жалпы отырысында 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификацияланды.

Сенат отырысы барысында бірнеше депутаттық сауал жария етілді. Олардың қатарында қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі, жергілікті полиция қызметі, білім және басқа да салаларға қатысты мәселелер болды.
ҚР Парламентінің сенаты
Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?