Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, пәтер жалдаушылар енді көшеде қалады ма?

Пәтер егесі мен сөйлескен пәтер жалдаушының жазбасы.

Құрметті президентіміз және үкімет басшылары!

Президентіміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз- деп еді, пәтер жалдаушы халыққа қандай көмек бар?

Жарайды, 42 500 көмек ақы алған мен барлық пәтер жалдаушылар 42 500 ге пәтер жалдамайтыны анық. Пәтер ақы 42 500 ден жоқ еш жерде. Елімізде 18 000 000 халықтың барлығының баспанасы жоқ!
Баспағасы жоқ, пәтер жалдап отырғандар қуылып жатқан көрінеді, ҮЙДЕ ОТЫР, КӨШЕГЕ ШЫҚПА-деп ұрандатудың қажеті қанша?

Сол аталған 42 500 теңгені алудың өзіне зейнетақы қоры сұралып жатыр. Ал зейнетақы қоры жоқтар қор болғаны ма?

Айта кетерлігі сол аталған көмек ақшаның, әлеуметтік көмектің барлық 18 000 000 адам алмайтыны тағы бар.
Тамағын тауып жеу қиындаған кезеңде, пәтер жалдаушылар пәтер ақысын қайтеді?

Жататын жер болмаса, өз алдына баспана болсаған соң тамақ пен тілеп алған масканың қажеті қанша?
Баспананы мемлекет жалға бермеген соң, мемлекет, пәтер жалдап тұратын халыққа қандай көмек бересіздер?

Барлық халыққа пәтер беріңіздер?
Пәтер береалмасаңыздар, пәтер ақыға жететін қаржыны барлық Қазақстан Республикасының азаматтарына беріңіздер!?

Құрмет пен «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры Сардар Әбдіжақия.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?