Ауа райының қолайсыздығынан яғни, жауған жаңбыр мен сулы қардың салдарынан қала аумағында саябақтар, гүлзарлар және жергілікті аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелерде 1202 дана ағаш пен14761 дана ағаш бұтақтары сынған. Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық комуникациялық орталығы хабарлады.

Оның ішінде орталық көшелерінде 244 дана ағаш түбімен жұлынып кеткен.

Сонымен қатар, қала аумағында көше бойындағы ағаштардың электр жүйелерінің (электр трансформаторлары, 10/6/0,4 кВ электр желілері) үстіне құлау салдарынан 483 жерде – желілердің үзілуі, 45 жерде — электр трансформаторларының жабдықтарының істен шығу жағдайы орын алды. Нәтижесінде қала аумағында 8 000 жуық халық электр қуатынсыз қалды.

Қазіргі таңда қала аумағында орын алған апатты өшулер толық ретке келтіріліп, шағын аудандардың басым бөлігіне электр қуаты берілді.

Алайда, шағын ауданның кейбір ішкі көшелерінде электр энергиясы жекелей қосылмау жағдайлары бар, бұл бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і апатты бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?