Елордада қауіпті 37 аумақта су басу қаупі сейілді. Бұл туралы брифинг барысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді-деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Қаланың коммуналдық қызметтері қыста 6,5 млн текше метрден астам қар шығарды. Өткен қыста бұл көрсеткіш 2,5 млн текше метр қарды құрады.

«Көктемгі су тасқынын алдын-алу шараларына сәйкес коммуналдық қызметкерлердің, жол қызметтерінің, әкімдіктің барлық бөлімдері мен басқармаларының, ТЖ департаментінің тәулік бойғы жұмысының арқасында қала аумағында су басу қаупі сейілді. Қыс қарлы болды. Қаңтар және ақпан айларында қар нормадан 3 есе көп түсті. Егер қыс мезгіліндегі жауатын қардың нормасы 99 мм болса, осы қыста 200 мм қар жауды. Бұл нормадан екі есе жоғары.», — деді ТЖ департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр. Барлық арықтар, нөсер суына арналған кәріз жүйелері тазартылды. Олардың жалпы ұзындығы — 46 мың қума метр. Майбалық көлінің арнасын қардан тазартылды. Ұзындығы — 5 км 700м. Су реттегіштің жұмыс режимі бекітілді. Су реттегішті күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл өз кезегінде елді-мекендерді су басудан қауіпсіздендіреді.

ТЖД басшысы елді-мекендерге ерекше көңіл бөлінетінін айтты. «Үлкен жұмыс атқарылды. Қазір біз Ақмола облысына көмектесіп жатырмыз».

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту үшін коммуналдық техника паркі айтарлықтай жаңарды. 150-ден астам арнайы техника сатып алынды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдық қызметкерлердің еңбекақысы көтерілді, сыйақы берілді. Карантин кезінде жұмыс істеп жатқан коммуналдық қызметкерлерге сыйақы беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?