Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті (муралды) медициналық қызметкерлерге арнап жатыр.

«Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат — дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз!»,- деді Кристина Бекмурзаева.

Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?