Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі. Бұл арқылы 8 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешіледі.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында «Жеті жол», «Столичная-2», «Шар Құрылыс», «Айсанам Делюкс» сияқты бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

«Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Коронавирус инфекциясының пандемиясын ескере отырып, құрылыс қарқыны төмендеді, ал кейбір құрылыс компаниялары жұмысын уақытша тоқтатты. Нысандарда санитарлық нормалар мен карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау қажет. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар аумақтарды абаттандырумен де айналысу қажет», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

ТҚК төрағалары мемлекеттің қолдауының арқасында құрылыс жұмыстары қайта басталып жатқанын атап өтті. «Нысандардың құрылысы бірінен соң бірі аяқталып, үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне кіріп жатыр.
Бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесіне ризамыз», — деп атап өтті.

Былтыр 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?