18 сәуірде сағат 00.00-ден бастап, облыстық жедел штабтың шешімі бойынша ШҚО аумағында карантин енгізіледі. Режим елдегі ТЖ аяқталғанға дейін сақталады. Облыс аумағына кіріп, шығу мүмкіндігі шектеледі.

Карантин кезеңінде кейбір жұмыс берушілер еңбекақысын сақтап, қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуі керек. Облыстық жедел штаб қызметін тоқтатуы тиіс кәсіпорындардың тізімін толықтырды.

Өскемен мен Семейде енгізілген шектеу кезінде көлікпен қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастыруда бизнеске қолдау көрсеттік. Бірақ, рұқсат қағаздарын алған кейбір кәсіпкерлер оны мақсатсыз пайдаланып жүр. Тіпті, кей рұқсат қағаздардың сатылғаны туралы нақты ақпарат бар.

Менің өтінішіммен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті тексеру жүргізуде. Олар рұқсат қағаздарын беруде қызметін асыра пайдаланған мемлекеттік қызметшілердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесіп, тиісті шараларды қабылдайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?