Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің машиналары да бар.Күн сайын қала аумағын өңдеуге 500-ден астам адам шығады. Қаланы дезинфекциялауға әскери қызметкерлер мен әскерге шақырылғандар да қатысады.

«Вирус анықталған алғашқы күннен бастап бүкіл қаланы дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қаланы дезинфекциялауға арнайы машиналар да жұмылдырылды. Олардың көмегімен арнайы ерітіндіні шашып, қаланы өңдеп жатырмыз. Биіктігі 7 метрге дейін жетеді, инфекциямен айтарлықтай жақсы күресуге мүмкіндік береді. Себебі
инфекция металл құрылымдарда, ағаштарда және т.б. кездеседі», — деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Әлеуметтік нысандарды, сауда ойын-сауық орталықтарын, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді.

2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделіп жатыр. Дезинфекция жұмыстары жеке секторда да жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?