Жамбыл облысының өрт сөндірушілері күн сайын өздеріне тән қиын әрі қауіпті жұмыстарын атқара жүріп, қызмет ететін өрт сөндіру бөлімінің аумағына әрдайым көгеріштендіру жұмыстарын жүргізуді ешқашан естен шығарған емес. Мысалға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің Тараз қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінде жеміс-жидек бағының бар екендігін бүкіл гарнизон біледі десек қателеспейміз. Аталмыш бақшадан көктемгі уақытта тұла бойыңа әдемі әсер сыйлайтын жұпар иіс бөлінсе, жазғытұрым тіл үйірер жемістері көздің жауын алып, көңіл қуантады.

Мұның барлығы әрине өздігінен келетін дүние емес екендігі белгілі. Оның басы-қасында жүріп, жеке құрамды тиісті деңгейде бағыттай білетін №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлыбаев Мұрат Төреханұлының да еңбегі бар екендігін атап өткен жөн. Олар жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші барлығы бір кісідей жыл сайын талдарды күтіп, баптаумен айналысса, ал биыл ағаштарды сақтап қалды десе де болады. Себебі сәуір айында жауған қардың ызғары енді ғана бүршік атып келе жатқан жеміс талдарын қатардан шығаруы бек мүмкін еді. Дегенмен от жауынгерлері талдардың үсікке шалдығуына жол бермей, нәтижесінде дарақтар дін аман сақталды. Ал бүгінгі таңда өздері баптап, күткен жеміс талдарының жеміс беруін жігіттер асыға күтуде.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?