Осыдан 1 жыл бұрын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекет басшысы атанған болатын. Әлемдік картада жер көлемі бойынша 9 орынды алатын алпауыт мемлекетімізді тізгендеу оңай жұмыс емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болған сәттен бастап-ақ министрлермен облыс басшыларына халықпен тығыз жұмыс жасауды тапсырды. Арыс қаласында орын алған жағдайды шешу үшін өзі барып, зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдірді. Өскелең ұрпақтың негізгі айнасы «Ұстаздардың» мәртебесін көтеру мен бюджет саласы жұмысшыларының жалақыларын өсіруді, мас күйінде көлік тізгіндеушілердің жазасын қатаңдатуды және де тағыда басқа еліміздің дамуы үшін бірқатар ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстарды жүргізіп келеді.
ДДСҰ «Пандемия» деп атаған аты жаман ауру біздің елімізді айналып өткен жоқ. Бұл аты жаман аурудың халық арасында тез тарамауы үшін Президентіміз елімізде төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған халыққа 42500 теңгеден төленуін және азық-түлік бағасының қымбаттамауын тапсырды. Осы бір аты жаман ауру тез кетсін десек, мемлекет бекіткен талаптарға бірауыздан көнейік. Себебі салауатты ұлт, ел болашағы екенін бәрімізде білеміз.
Халықпен етене жұмыс жүргізіп жатырған Президентімізді қолдау әрбіріміздің азаматтық міндетіміз деп білемін. Сан ғасырлардан жеткен ата дәстүрімізді дәріптеп, бабалар аманатына қиянат жасамай, ауызбіршілікті сақтап, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай қорғап, Президентімізге үміт артып, болашаққа сеніммен қарайық. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ.

Әсет Арзен

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?