Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы онлайн форматта өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы маслихаты хабарлады.
Негізгі баяндамашы ретінде «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Илья Скуб сөз сөйледі.
Қалалық мәслихат депутаттары кейінге қалдыруға болмайтын шараларды талап ететін бірнеше мәселелерді қарады.
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірқатар ережелерге өзгерістер енгізу талқыланды.Шешімдерде көзделген іс-шаралардың орындалуына байланысты күші жойылған екі шешім қаралды: «Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының
30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы»; «Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы».
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай шешімнің негізінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген1268 тұлғаға біржолғы ақшалай төлемдер жүргізілді.Сондай-ақ, 2019 жылы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының 70 қатысушысы мен мүгедектеріне біржолғы төлемдер жүргізілді.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын тойлауға байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы мәселе талқыланды.
48 ардагерге; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 409 тұлғаға; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне (3533 адам) біржолғы ақшалай төлемдер ұсыну жоспарлануда.
Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы барысында талқыланған мәселелер мәслихаттың таяудағы кезектен тыс сессиясына енгізілетін болады.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?