Жоғарғы Сот Төрағасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Өкімімен бекітілген 7 басым жобаның қатарында сот жүйесін цифрландыруға бағытталған SMART-сот (Е-сот) жобасы да болды. Республика соттарын цифрландыру мақсатында Жоғарғы Сот Аппараты басшысының бастамасымен сот жүйесінің ІТ-қызметтерін жоғары деңгейге жеткізу бағытында бірқатар жобалар іске асырылып, электрондық сот төрелігінің базалық компоненттері құрылды. Сол жылы 28 қыркүйекте Жоғарғы Сотта Парламент депутаттарының қатысуымен өткен «Соттар мен құқық қорғау органдарын цифрландыруды құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жиында ЖС Төрағасы Жақып Асанов: «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберіндегі SMART-сот бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Цифрландыру үрдіс емес, бұл – күнделікті қалыпты жағдай. Қазір Интернет арқылы 6,5 млн. сот актісі қолжетімді. Азаматтық талап арыздардың 91% электронды түрде келіп түсуде. «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылардың саны 272 мың адамға жетті», — деген болатын.
Соңғы екі жылда Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі мен жергілікті сот төрағаларының ұйымдастыруымен сот ғимараттарында тоқсан сайын цифрлы заманауи ақпараттық технологияларды таныстыру мақсатында семинарлар, «дөңгелек үстел» мәжілістері және пресс-турлар өткізіліп тұрды. Оған студенттер мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысып, сот жүйесінің жаңа электронды сервистерімен танысты және бұл жөнінде БАҚ-та жазылып, көрсетілді. Осылайша, жергілікті соттар xалыққа талап қою арыздарын электронды түрде беру, кез келген жерден сот ғимаратына келмей-ақ сот процесіне смартфон арқылы skypе, TrueConf, т.б. ақпараттық теxнологиялардың көмегімен қатысуға болатынын ай сайын түсіндіріп, насиxаттады. Біз, әрине, ол кезде елімізде 2020 жылы «COVID-19» атты қауіпті індеттің тарап, оның сот процесіне қатысушыларға қиындық туғызатынын білген жоқпыз. Дегенмен, қалалық, аудандық және мамандандырылған соттар тарапынан ақпараттық технологияларды белсенді қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болатыны туралы атқарылған жұмыстың нәтижесін бүгінгі күні сезініп отырмыз. Үстіміздегі жылдың 16-наурызынан бастап, республика соттары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Міне, карантин кезінде бір айдан бері адвокаттар, тараптар, тағы басқалар жергілікті соттарда өтіп жатқан сот процестеріне ақпараттық теxнологиялардың көмегімен яғни, Онлайн арқылы қашықтан қатысуда. Осылай, олар уақыты мен жол шығындарын үнемдеп отыр. Осы ретте, барлық аудандық және қалалық соттардың мәжіліс залдары түгелдей 100 пайыз дыбыс-бейнежазба тіркеу (АБТ) құрылғысымен жабдықталғанын айтып өткім келеді.

Қабыл Дүйсенби

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?