Қалалық мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс сессиясы барысында бейнеконференц-байланыс режимінде елорда азаматтарын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, жер телімдерін иеліктен шығару және т.б. мәселелер қаралды.
Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін иеліктен шығаруға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу жөніндегі мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Асылбек Есенбаев сөз сөйледі.
Күн тәртібінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері өзекті болды. Аталған мәселелер бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы Сәуле Нұрғожина баяндама жасады.
Депутаттар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын тойлауға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының жеке санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бірауыздан бекітті.
Біржолғы ақшалай төлем ұсыну көзделген:
– 44 ардагерге – 850 000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 405 тұлғаға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына (3529 адам), тыл еңбеккерлеріне – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.
Қосымша әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы 121 миллионнан асады.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының шеңберінде, 9 мамырға (Жеңіс Күніне) әлеуметтік көмек ұсынылады:
– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 67 АЕК (186 126 тг.);
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 9 АЕК (25 002 тг.);
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне – 4,5 АЕК (12 501тг.).
Сондай-ақ, кезектен тыс сессия барысында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық маслихаты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?