Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Бұқара облысына келіп, қатты тұрған дауылдан  көп зардап шеккен жерлерге барды.Бұл туралы, Өзбекстан Республикасының ресми веб сайты хабарлады. 27 сәуірде Түрікменстан аумағынан күшті жел соғып, ол Бұхара, Навои, Самарқанд және Қашқадария облыстарында желдің екпіні секундына 9-40 метрді құрады. Нәтижесінде бірнеше азамат зардап шекті, бір адам қайтыс болды. Дауылдың салдарынан инфрақұрылым нысандары, көлік құралдары, үйлер бұзылды, егін алқаптары бүлінді. Президент Шавкат Мирзиёев тікұшақпен ұшып өтіп, Қаракөл және Алат аудандарының жағдайымен танысты.
Алата ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Мемлекет басшысы кешегі дауыл адамдардың өміріне, ауылшаруашылық қызметіне және басқа салаларға кері әсерін тигізетін күтпеген және бұрын болып көрмеген апат болғанына өкінді.
Біздің халқымыз бірігіп, көптеген сынақтардан өтті. Ал бұл жолы қажетті шаралар қабылданады, апат салдары тез арада жойылады. Ең бастысы, егер біз жігерімізді жоғалтпайтын болсақ және бірлесіп әрекет етпесек, біз бұл қиыншылықтардан жеңіп шығамыз, - деді Президент.Тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын жөндеу, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету бойынша нұсқаулар берілді. Ауыл шаруашылығына, экономика салаларына және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жедел шаралар анықталған.
Ақпаратты дайындаған Сардар Әбдіжақия
Өзбекстан Республикасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?