Құрметті сот процесіне қатысушы!
Біз онлайн-отырыстардың сапалы өтуі үшін барлық жағдайды жасаудамыз.
Соттардағы IT-сервистер қалыпты жұмыс істеуде.
Бірақ, Сіздің интернетіңіз бен техникаңыздың (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон, құлаққап, микрофон) дұрыс жұмысы өзіңізге байланысты.
Егер онлайн сот отырысы жақсы көрінсін, естілсін десеңіз, онда Сізге ӨТІНІШ:
1. Құрылғыңызды дайындап, қуаттап қойыңыз.
2. Жылдам Интернет (4G, Wi-Fi) аймағында болыңыз. (интернет жылдамдығын өлшеу — https://www.speedtest.net/ru);
3. Жарық бөлмені таңдаңыз (кинотеатр, сауда орталығы, көлік, т.б. емес).
4. Шулы кедергілерді алып тастаңыз (тұрмыстық техника, ашық терезе).
5. Отбасыңыз бен өзге кісілерден алаңдатпауды сұраңыз.
6. Өзіңіз де бөтен нәрселерге алаңдамаңыз.
7. Анық сөйлеп, басқаның сөзін бөлмеңіз.
8. Сөйлемесеңіз, микрофонды өшіріңіз.
9. Киім, жүріс-тұрыс, риторика этикетін сақтаңыз.
Осы кеңестерді орындасаңыз, Сіз онлайн-отырысты сапалы әрі жылдамырақ өткізуге көмектесесіз.

Айдос Садуақасов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?