Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыстағы ҰОС ардагерлеріне арналған 238 ескерткішке жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу басталды. Оның ішінде 119 ескерткішке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 150 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соғыс ардагерлеріне арналған «Ерліктің даңқы, Елдіктің нарқы» атты кітап, жеңіске арналған және соғыс жылдарындағы ретро әндерден жинақ дискісі шығарылатын болады.

1-ші мамыр мен 9-шы мамыр аралығында облыс көлемінде 1728 онлайн-концерттер мен тікелей эфирлер, 25 музей мен 2 галерея бұл аралықта 417 онлайн-экскурсиялар, кітапханалар 1243 онлайн кітап көрмелеріне библиографиялық шолулар жасап, тарихи сағаттарын өткізетін болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?