Бүгін таңертең Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Қазіргі уақытта ТЖМ және басқа құрылымдар жедел шаралар қабылдауда, соның ішінде жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Президент Шавкат Мирзиёев бірден Сырдария облысының Сардоба ауданына келді. Жағдай толық бақылауға алынды, дүрбелеңге себеп жоқ- деп жазады, Өзбекстан Республикасы президентінің ресми веб-сайты.
Айта кету керек, жақында ғана, 27 сәуірде Түрікменстан аумағынан күшті жел соғып, ол Бұхара, Навои, Самарқанд және Қашқадария облыстарында желдің екпіні секундына 9-40 метрді құрады. Нәтижесінде бірнеше азамат зардап шегіп, бір адам қайтыс болған еді. 
Сардар Әбдіжақия
Өзбекстан Республикасы
сурет авторы: Sundar Qoraboyev

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?