Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамыр күні сағат 20.15-те Сардоба су қоймасынан аққан су тоқтаған. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі Жантақсай ауылында орналасқан №16 орта мектепте шұғыл штаб құрып, Жаңа Жол ауылдық округінің 1900 тұрғыны бар Жеңіс елдімекенін және 320 тұрғыны бар Жаңа Тұрмыс елдімекендерін эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.
Аталған елдімекендердің тұрғындарын Мырзакент ауылындағы «А. Пушкин», «Жаңа Жол», «С. Рахимов» атындағы орта мектептерде орналастырылады.
Түркістан облысы ТЖД мамандарының барлық күші, Мақтаарал, Жетісай аудандарының қызметкерлері оқиға орнына жұмылдырылды-деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?