Қала әкімі уәдесі орындалып, тұрғындар қуанышқа кенелді-деп мәлімдеді, Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы. Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді.

Бүгін Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша
«Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24,26 (5,6) тұрғын үйлердің кілті табысталды.

Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50%-ы жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу жоспарланған.

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, иелеріне пәтер кілттері тапсырылды. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?