Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындарға үндеу жолдады-деп хабарлады, Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың өңір жұртшылығына коронавирусқа қарсы күрес шаралары тақырыбында үндеуі жарияланды. Өңір басшысы вирустың аймақ экономикасына әсер етіп, денсаулық сақтау саласының қалыпты жүйесін өзгерткенін айтты.
«Инфекциялық аурулардың ағымын алдын-ала дәл болжап білу мүмкін емес. Дегенмен, алғашқы күндерден вирусқа қарсы арнайы шаралар қабылданды. Қатаң бірлескен тәртіптің арқасында індеттің алғашқы легін тежей алдық. Алайда, экономикалық — әлеуметтік қажеттіліктен қатаң шектеулерді жеңілдеттік. Соның негізінде тұрғындар арасында санитарлық талаптарды ескермеу белең алды. Вирустың барына сенбеушілік көбейіп, оқшауланудан шығып, көпшілік бас қосулар жиіледі. Індетті жұқтырғандардың саны бүгінгі күні 1379 жетті.Оның ішінде 897 адам дерттен айықты. Короновирус инфекциясы анықталған азаматтармен қарым-қатынаста болған 7929 адам біздің бақылауымызда болды. 56 277 сынама тест алынды. Өкінішке қарай, денсаулық сақтау министрлігі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен екі науқастың короновирустан қайтыс болғаны анықталды.Сондықтан барлық мүмкіндіктер жұмылдырылып індеттің одан әрі тарауын шектеу жұмыстары атқарылуда»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Өңірімізде инфекциялық стационарда-515,провизорлық стационарда-1670 төсек орын дайындалған. Сондай-ақ, инфекциялық стационарда- 200,
провизорда — 1257 науқастар емделуде.
Облыста барлығы 76 жасанды өкпені желдету аппараты бар. Маусым айында қосымша 20 портативті өкпені желдету аппараты алынып, дәл осындай құрылғының 63-не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сатып алу туралы өтінім жолданған. Сондай-ақ, бүгінгі күні облыстық медициналық мекемелерде 5 компьютерлік томография жұмыс істейді. Қажеттілікке байланысты тағыда осындай 2 аппарат алу жоспарлануда.
Өңірде маусым айында пневмония дертінің асқынуына байланысты үйде ем алушыларға қосымша көмек беру мақсатында дәрігерлік мобильдік топтар құрылып, әкімдіктің қызметтік автокөліктері берілген.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өңірде жаңа шектеулер енгізілетінін айтты.
«Тиісті шаралар бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы сіздерге хабарланады.Бұл профилактикалық шаралар короновирустың кең таралуын барынша азайтуға, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Өңірімізде енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қолдауға шақырамын. Біз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» сақтық шараларын қолдансақ қана бұл жұмыстар нәтижелі болады. Әрқайсымыз жақындарымызға жанашыр болып, ынтымақ пен бірліктің арқасында індеттің бетін қайтарамыз»,- деді облыс әкімі. Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?