Бүгін Қазақстанда балық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтуде-деп хабарлайды ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл салада еліміз бойынша барлығы 12 мыңнан астам, әр түрлі меншік нысанындағы 1000-нан астам кәсіпорындарда еңбек етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балық шаруашылығы балық өндіруші және көліктік флот, балық өнімдерін қайта өңдеу, балықты жасанды өсіру және балық шабақтарын қайта өндіру мен айналысатын кәсіпорындар болып табылады.
Аталмыш сала елдің азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосады . Осыған байланысты мемлекет балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, заңнамалық база үнемі жетілдірілуде, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылуда, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылуда.

Бүгін сала қызметкерлерін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Балық шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін, ардагерлері мен жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, қажырлы еңбегі, жоғары шеберлігі, өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!»,-деп атап өтті министр.
Атап өтсек, шілде айының екінші жексенбісі Қазақстанда 2017 жылғы 31 қазандағы Үкімет қаулысымен балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні ретінде белгіленді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?