Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым- деп, әлеметтік желі парақшасында жазады Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда.

Жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашамыз. Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашылу көзделген. Қазір қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді. Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?