Заңсыз ойын бизнесі желісі әрекетінің жолын кесу туралы, ҚР ҰҚК жариялады. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласында жасырын электрондық казиноналардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.Жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында қала аумағында 10 мекемеден тұратын жасырын онлайн-казино жүйесінің жұмыс істейтіні анықталды. Сонымен, 2020 жылғы 6 қазанда көрсетілген заңсыз әрекеттердің жолын кесу нәтижесінде жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын мекемеден 50 бірліктен астам ойын жабдығын тапты, қылмыстық әрекеттен алынған кірістің сомасы тәулігіне 20 млн. теңгеден асқан. Құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін қылмыстық топ заңсыз әрекетке шамамен 50 адамды қызмет көрсету персоналы ретінде тартқан. Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 307-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚР ҰҚК

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?