Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғынның бірінен хабарлама келіп түсті. Аталған хабарламада өңірімізде әлдебір адамдар тобы Өзбекстан Республикасынан заңсыз келушілерді шекарадан өткізіп, ақша алып жүргендігі туралы көрсетілген. Ақпарат алысымен облыстың тәжірибелі полицейлері, аудандық тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылды. Барлық қажетті жедел іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті ақпараттар жинақталды. Соның нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны Өзбекстан Республикасының азаматын шекарадан өткізбек болған жерінен ұсталды.
Полицейлер заңсыз әрекет жасаған азаматты тінту барысында оның қалтасынан айғақты зат ретінде қағаз ақшалар тәркілеп алды. Одан бөлек тергеу аясында күдікті тұрғын, өзінің тағы екі бірдей сыбайласымен Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан сым торлары арқылы 2 ай көлемінде заңсыз 10 Өзбекстан Республикасының азаматын өткізгендігі белгілі болды. Олар осы қызметтері үшін шетелдік азаматтардан 150 000 теңгеден ақша алып отырған.
Осыған орай тәртіп сақшылары заңды белшесінен басып, пайда тауып жүрген тағы 2 күдіктіні анықтап ұстады. Олардың екеуі де шекара аймағында тұратын жергілікті тұрғындар болып шықты. Аталған 3 күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, шекарадан заңсыз өткен ӨР азаматтарының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша тіркелді.
Бұл заңсыз әрекетке байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ұйымдасқан түрде қылмыс жасағанын сеніммен айта алады. Қылмыстық топтың құрамындағы заң бұзушылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындаған. Біреуі шекарадан заңсыз өткісі келетін адамдарды тапса, келесісі табылған адамды шекарадан жасырын өткізіп отырған, ал үшіншісі заңсыз келушілерді тасымалдап отырған.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?