Түркістан облысында тұрғындарға 1,5 миллиардқа жуық шығын келтірген «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасын ұйымдастырған 12 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жайтқа байланысты Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді уәделерге сенбей, барынша қырағы болу керектігін ескертеді.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың жаз айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жетісай қаласындағы «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша тіркелді. Бір ай өткеннен соң жәбірленушілер саны 300-ден асты.


Осыдан соң полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар басқа да күдіктілерді ұстау үшін, қажетті деген шаралардың барлығын атқарды. Күдіктілердің түр-тұлғасын анықтап, іздеріне түсті. Жетісай АПБ-ға Шымкент қаласынан пирамида жасады деген күдікпен Жетісай ауданының тұрғыны қаржы пирамидасының директоры жеткізілді. Сондай-ақ оның екі сыбайласы, Мақтаарал ауданының тұрғындары да ұсталды. Тергеу барысында кеңсеге тінту жүргізіліп, құжаттар, жабдықтар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Атқарылған тиянақты жұмыстардың нәтижесінде алғашында 5 күдікті, кейіннен 7 күдікті ұсталды. Олар Жетісай, Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары тұрғындарының көпшілігін сазға отырғызып, ақшаларын қайтармаған.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің білікті деген тергеушілерінен тергеу тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов айтып өткендей:
-Белгілі болған «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасының 2015 жылы Алматы қаласында негізі қаланған. Оның негізін қалаушы мен ұйымдастырушысы ретінде туыс күдіктілер ұсталды. Олардың Түркістан облысында бірнеше тұрғындарды директор ретінде тағайындап, облыс тұрғындарынан 1 миллион теңгеден ақшаларын алып, еселеп қайтарамыз деген құрғақ уәдемен өз алаяқтық істерін іске асырған. Бүгінгі таңда жәбірленушілер саны 1500-ден асты. Олардың барлығының арыздары заңды түрде тіркелген. Ұсталған 12 күдікті де соттың санкциясымен қамауға алынды. Бүгінгі таңға дейінгі белгілі болған шығын көлемі 1 миллиардтан астам теңгені құрайды.
Сонымен қатар арызданушылар мен күдіктілер саны артуы, соған сәйкес шығын көлемі де өсуі мүмкін.», — дейді полковник Н.Жалғасов.


Анықталғандай салымшылардың басым бөлігі күдіктілердің сөзіне сеніп, алданып, салымды несие алу арқылы салғандар. Қазіргі уақытқа дейін анықталған салымшылардың салған ақшалары 1 миллион теңгеден 10 миллион теңге аралығында болып отыр. Тағы да айта кететін жайт, күдіктілердің аттарына тіркелген мүліктер анықталып, сотпен санкцияланған.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді, ақшаңызды еселеп беремін деген адамдардың сөздерін әбден саралап, ой елегінен өткізгендеріңіз жөн. Жәй ғана сақ болу емес, ондай іске барардан бұрын «жеті рет өлшеп бір рет кесу» қажет. Біріншіден, олардың берген ақпарларын толық зерттеп алыңыз. Екіншіден салымның кірістілігіне мұқият мән беріңіз. Неғұрлым жоғары болса, ол сізге күмән тудыруы тиіс. Себебі кез-келген ақшаңызды көбейтіп беремін деген банктің өзі бірден сіздің салымыңызды 50-100 пайызға өсірмейді. Түркістан облысы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?